Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарысулық полицейлер медицина қызметкерлері мен волонтерлерге алғыс білдірді

Сарысулық полицейлер медицина қызметкерлері мен волонтерлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов аудандық Орталық ауруханасының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымдарына және “Janatas Jastary” волонтерлік қозғалысының жетекшісі Б.Балғабайға пандемия кезінде тынымсыз еңбек етіп, ауданға қомақты үлес қосқандары үшін, сондай-ақ азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы қажырлы еңбектері үшін полиция қызметкерлері атынан алғыс білдірді.

– Жаңа жыл – адамдардың ізгі ниетпен жақсылық жасайтын, бір-біріне қуаныш сыйлап, өткен жылды қорытындылайтын ғажап мереке. Өткен жылы – қиын да сынаққа толы, бәріміз үшін ауыр болған кезеңдерде сіздер тұрғындардың денсаулығын қорғап, алдыңғы қатарда тұрдыңыздар, сонымен қатар халқымызға демеу болып, мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін қайырымды істер жасап, короновирустық инфекцияға қарсы тұруда өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздерге қиын да игі істеріңіз үшін басымды иіп алғыс білдіремін – деді Асхат Алметов.

Сондай-ақ, ол xалқымыздың игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілеп, алғыс хаттар мен мерекелік сыйлықтар жиынтығын табыс етті.

Өз кезегінде Сарысу АОА бас дәрігері Б. Бегманова мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Артықбаев АПБ бастығына қызмет барысында көрсетіп жүрген жан-жақты қолдауы мен тұрғындардың тыныштығы үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру