Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғынды ұрып-соғып, тонап кеткендерді ұстады

Шымкенттік полицейлер тұрғынды ұрып-соғып, тонап кеткендерді бейнебақылаудың көмегімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда түнгі сағат 02:30 шамасында қала көшелерінің бірінде жүргенінде екі бейтаныс азамат келіп, себепсіз ұрып-соққан. Содан әлгі екеуі үстіндегі құны 20 мың теңге тұратын күртешесін, сондай-ақ құны 150 мың теңгелік Iphone ұялы телефонын күштеп тартып алғанын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құраған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын маңайдағы бейнебақылау жүйелері жіті қаралып, олардың жеке бастары анықталды. Осылайша, тәртіп сақшылары тұрғынды тонаған азаматтарды тұрғылықты мекенжайынан ұстап, басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру