Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсетті

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы Еңбекші ауданы Полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция пункттерінде “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ” атты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, осы бағытта қабылданған іс-шаралармен таныстыру, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық-құқықтық көмек көрсету.

2021 жылдың 29 маусымында Еңбекші АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектерге қабылдау өткізді. Үш әйелдің арызы бойынша заңды шешім қабылдады.

Шымкент ҚПД Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға байланысты ҚР-ның “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” заңына сәйкес, егер жәбірленуші әйел өзін қорғауға арыз жазатын болса, құқықбұзушыға қатысты нұсқама шығады. Яғни, ол адам профилактикалық есепке қойылады. Профилактикалық есепке қойылғаннан кейін, арыз түскен адамға 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Оның үйіне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып тексеріп тұрады. Профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Егер құқықбұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленушінің арызы бойынша ол жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру