Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяжайда шу көтерген ақтөбелік анықталды

Саяжайда шу көтерген ақтөбелік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусым күні кешке Ақтөбе қалалық ПБ ЖБО-ның “102” телефонына “Геолог-2” СК саяжайларының бірінде мас күйдегі ер адам жанжал шығарып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыруға учаскелік полиция инспекторлары шықты.

Оқиға орнында 49 жастағы әйел полициядан пышақпен жүріп, өзіне тыныштық бермеген мас күйеуіне қатысты шара қолдануды сұрады.

Полиция жанжалшылды ұстауға тырысты, бірақ ол қызметкерлерге белсенді қарсылық көрсете бастап, учаскелік полиция инспекторына дене жарақатын тигізді. Полицейлер тәртіп бұзушыны полиция бөліміне жеткізді.

Билік өкіліне бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларға қатысты қорлауға, бағынбауға және күш қолдануға байланысты қылмыстарды тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында болады. Әрбір осындай факт бойынша мұқият тергеу жүргізіледі.

ҚР ҚК-нің 380-бабына (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) сәйкес үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік көзделген. Күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша үш тәулікке қамауға алынды. Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағаны үшін ҚР ҚК 379-бабына сәйкес күдіктіні 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру