Шымкенттік полицейлер жоғалған қызды Алматы облысынан тапты
Шымкенттік полицейлер жоғалған қызды Алматы облысы Қаскелең қаласынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды.
Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен Полиция департаментінің бөлімшелері бағдарланды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңірлеріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды. Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.