Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаулы ережелеріне бағынбаған азық-түлік дүкендері анықталды

Шымкентте карантин кезіндегі ережелерге бағынбаған азық-түлік дүкендері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері 9 тамыз күні Шымкент қаласы Ақжар елдімекеніне жүргізілген рейдтік іс-шара барысында Сұлу төбе көшесі бойында орналасқан “АЯТ” азық-түлік дүкені сағат 21:00 шамасында өз жұмысын тоқтатпай жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Сондай-ақ аталған елді-мекенде Ғ.Мұратбаев көшесі бойында орналасқан “Әбдірайым ата” азық-түлік дүкені 21:15 шамасында карантин талаптарын өрескел бұзып жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Аталған жайттар бойынша Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процесуалды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру