Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды қаласында 6 жастағы жоғалған ұл баланы полицейлер анасына қайтарды

Қарағанды қаласында алты жастағы жоғалған ұл баланы полицейлер анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 11 тамызда шамамен сағат 19:00-де алты жастағы бала жоғалғандығы туралы хабарлама түскен.

Бала үйден қызыл велосипедте белгісіз жаққа кетіп қалғандығы анықталған. Ұл баланы іздестіруде Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, автопатрульдік ППП, Қарағанды горнизонында барлық тәулікке түскен наряд және қалада орналасқан Халық гвардиясының жеке құрамы жұмылдырылды.

Дәл сол күні сағат 22:03-те авто ХҚКО жанынан бала табылды. Ұл бала анасына қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру