Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жітіқара ауданында полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

Қостанай облысы Жітіқара ауданында полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 7 тамызында Алданыш Берденов және Абсагит Исмухамбетов Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіп сақтауға мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті. Әріптестердің кезекшілігі негізінен тыныш өтті.
Күнделікті тұрғындардан келіп түскен қоңырауларға шығып, оларды пысықтады.

Сағат 3.20 шамасында полиция бөлімінің жедел кезекшісінен шағын ауданның бірінде тыныштықтың бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тәртіп сақшылары аталған мекенжайға тез арада қозғалды. №4 шағын ауданға жеткен кезде, полиция қызметкерлері аула қасындағы сәкіде алты ер адамның тұрғанын көрді. Үстел үстінде сыраның қаңылтыр банкалары, шылым мен тісбасар жатты.

Бұған дейін келген патруль сәкіде тұрып, тыныштықты бұзған ер кісілермен сөйлескен.
Полиция қызметкерлері еркектерге “УАЗ” маркалы қызметтік автокөлікке өтуін сұрады. Тыныштықты бұзғандар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Бірақ, “УАЗ” қызметтік көлікке отырғаннан кейін, бүйір есіктен қастарына отырған қызметкер кенеттен соққы алды. 43 жастағы ер адамның заңсыз әрекеттеріне тап беру үшін “қолды қайыру” жауынгерлік күрес әдісін қолданып, қолына кісен кигізді.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде патрульдік полиция взводының қызмет инспекторына қатысты зорлық-зомбылық фактісі жөнінде Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тыныштықты бұзған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚтК 437-бабы 1-бөлімі (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша 43 жастағы күдікті орташа дәрежелі алкогольді масаң күйде болды.

Қылмыстық баптың санкциясында үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол уақытқа бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру