Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғынның шотындағы ақшасын интернет-алаяқ иемденіп кетті

Шымкентте тұрғын «аю сатамын» деп есепшотындағы ақшасынан айрылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 6 наурызында Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына 42 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында ғаламтор желісі арқылы «OLX» сайтына өзіне тиесілі «аю» ойыншығын жарнамалап қойғанында, белгісіз біреу ұялы телефонына қоңырау шалып, сол ойыншығын сатып аламын деген. Алайда, ол ақпараттық жүйені пайдалану жолмен алдап, банктегі есеп шотының нөмеріне ақша жіберемін деп сеніміне кіріп, онда болған 74 мың теңге ақшасын иемденіп алғанын көрсеткен. 

Қаратау аудандық Полиция басқармасының Криминалдық полиция қызметкерлерімен күдікті азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, банктер, құқық қорғау орындары, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін «біздің кез келген бөлімшемізге келіңіз» деп өтінуі мүмкін.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарға алаяқтың құрбаны болмас үшін жеке басыңызға қатысты мәліметтерді телефон арқылы айтуға, интернет желісі арқылы ешкімге жарияламауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру