Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қайырымды істердің басында жүрген арулар аудан әкімінің алғысын алды

Ақтөбеде қайырымды істердің басында жүрген арулар аудан әкімінің алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біздің қоғамда ер- азаматтармен иық тіресе жүріп, ерлікке пара-пар үлкен істерді тындырып келетін қыз-келіншектер қауымы аз емес. Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі Әміржан Оразғалиев, Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметімен және Алматы ауданының әкімдігімен әріптестікте нәтижелі жұмыстар атқарып, сотталғандарды қатыстыра отырып бірлесіп атқарылған іс- шараларда белсенділік танытқан, сонымен қатар өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық және материалдық тұрғыда көмек көрсеткен бірқатар аруларды алғыс хаттармен марапаттап, еңбектеріне табыс тіледі.

Аудан әкімінің алғысына бөленгендер арасында: “Добрые руки” еріктілер тобының төрайымы Наталья Нұржанова, “Қамқор” еріктілер тобының төрайымы Ақбөбек Жанадилова, “Дәріс” қоғамдық бірлестігінің директоры Гүлнұр Едигеева және Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Динара Тулеуовалар бар. Аталған арулар пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың қоғамға бейімделуі үшін азқамтылған сотталған отбасылар мен мүгедек жандарға дер кезінде қажетті көмек көрсетті.

Өз кезегінде Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі төмендегідей өлең шумақтарын Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің барша қыз- келіншектеріне және барша әйелдер қауымына арнайды:

Бұл органда нәзік жанды қауым бар,
Ішкі істерде қызмет ету міндеті,
Погон тағып, форма киіп қызметте,
Осы арулар ішкі істердің келбеті.

Бұл көктемнің мейрамы ғой алғашқы ,
Құттықтаймыз шын жүректен қыздарды,
Құқық қорғау органында өшпейтін,
Барлығының арттарында із қалды.

Әлия, Мәншүк батырлардың ұрпағы,
Бұл өмірде тек бақытты болыңдар,
Тума – туыс, жанұяңыз аман боп,
Тіршіліктің тек бақытын табыңдар.

Мейрамдарыңыз құтты болсын,ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі,
Қос иыққа жұлдыз қонған жарқырап,
Сіздер жұлдыз көктегі емес жердегі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру