Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік мас жүргізуші жол ережесін бұзды

Шымкентте мас халде болған жүргізуші полиция қызметкеріне бағынбай, мектеп оқушыларына қауіп төндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 наурызда сағат 13:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау АПБ-ның ювеналды полиция инспекторы Г.Жумашев № 92 мектептің алдында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақстатында қызмет атқарып тұрған. Сол кезде “Ауди” маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың алдына автокөлігін қойып, оқушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

Аталған жайтты байқаған полиция қызметкері жүргізушіге автокөлікті жол жүру ережесіне сәйкес белгіленген жерге қоюды сұрап, бірнеше ескерту берген. Алайда жүргізуші тәртіп сақшының талабына бағынбай, досын көмекке шақырған. Екеулеп тәртіп сақшысына қарсылық білдіріп, балағат сөздер айтып, күш қолданған.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежеде мас халде болса, ал оның досы жеңіл дәрежеде мас халде болған. Құқық бұзушылар полицияға жеткізілді. Біреуі – 1989 жылы туған, ал екіншісі – 1982 жылы туған Сайрам елді мекенінің тұрғындары.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысы азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру