Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттіктің көлігінен қару табылды

Шымкенттік полицейлер жүргізушіден қару тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамыз күні сағат 23:40 шамасында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 2-рота № 754 және №756 автоэкипаж қызметкерлерімен "Daewoo Matiz" маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің орындығының астында сумканың ішінде "Премьер" маркалы қара түсті тапанша анықталып, тәркіленіп алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру