Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі жыл қорытындысымен бөлісті

Шымкенттің бас полицейі жыл қорытындысымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Думан Таев 2023 жылы атқарылған жұмыс барысын әңгімелеу кезінде биыл ең өзекті деп танылған интернет-алаяқтық жайтымен күресу үшін “Киберпол” арнайы бөлінісі құрылғанын жеткізді. Жыл басынан бері аталған қылмыс бойынша 911 жайт тіркеліп, оның 300-ге жуығы заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданғанын айтты.

Сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары да күйшетілгенін тілге тиек етті.

Мәселен, осы жылы есірткіге қатысты 130 қылмыс тіркелсе, оның тең жартысы интернет арқылы жасалған. Ал онымен айналысатындардың 80 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтар екен. Осыған байланысты есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері биыл 162 интернет-сайтты бұғаттап, 1000-нан астам есірткі жарнамасын жойған.

Сонымен қатар бас полицей қаладағы криминогендік ахуалды жақсарту үшін жыл басынан бері жауапты орган өкілдерімен 331 профилактикалық іс-шара өткізілгенін жеткізді. Одан бөлек, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары да қарқынды жүргізілгенін айтты.

Ішкі істер министрлігі 2024 жылды кадр сапасын жақсарту жылы деп жариялағанын, сәйкесінше өңірдің бас полицейі қол астындағы қызметкерлерден нені талап ететінімен бөлісті. Алдағы жылға қойылған жоспардың тағы біреуі жедел басқару орталығын үлкейту екенін де жасырмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру