Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейіне онлайн кабылдауда болған азаматша алғыс айтты

Шымкент қаласының тұрғыны Вера Волохова полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтің атына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі апта бұрын онлайн-қабылдауында Ералы Жумаханбетов оның шағымын тыңдап, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан үйіне барып, мәселесімен жеке танысып қайтқан болатын.

– Мені онлайн-қабылдауға шақырғаны үшін Ералы Жумаханбетовке рақмет. Ол маған көп сұрақтар қоймай, бірден менің мәселемді өз көзімен көруге дайын екенін айтты. Мен құрметті генерал-майор Ералы Жумаханбетовке менің мәселеме назар аударғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен оған өте ризамын!, – деп Вера Алексеевна өзінің шынайы алғысын білдірді.

Ол – 76 жаста. Құрметті жасына қарамастан Вера Алеексеевна өте белсенді. Шығармашылықпен айналысады, «Соғыс және еңбек ардагерлерінің хорында» ән айтады. Көптеген марапаттары, грамоталары және алғыс хаттары бар.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов халықпен кері байланыс орнату және өзара тиімді іс-қимыл жасау мақсатында әр сәрсенбі сайын азаматтарды қабылдайды. Қазір карантиндік режимге байланысты қабылдау онлайн режимінде жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру