Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Синтетикалық есірткінің жарнамасын бояды деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті

Алматы облысының орталығында синтетикалық есірткінің жарнамасын бояды деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында тыйым салынған синтетикалық есірткі сатушылардың жарнамасын жасап, халық көп жүретін жерлерде әлеуметтік желідегі мекенжайларын бояп қалдыратын азамат ұсталды. Оқиға Талдықорған қаласында орын алған. Күдіктінің көпқабатты үйдің кіреберісінде заңсыз әрекетін жасап жатқанын байқаған сол үйдің тұрғыны байқап, сол жерде жанжал туындаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бой талалауға тырысқан күдіктіні іздеп тауып, құрықтады.

– Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1996 жылы туған тұрғын қамаққа алынды. Оны жеке тінту барысында қылмыс құралы деп танылған шашатын бояу, электрондық мекенжай жазылған трафарет және басқа қажетті құралдар тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң, іс материалдары сот органдарының қарауына жіберіледі, – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.


Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру