Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Перзентханаға жетуге көмектескен Алматы патрульдік полициясы жас ананы құттықтады

Перзентханаға жетуге көмектескен Алматы патрульдік полициясы жас ананы құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматылықтар – Ғалымжан Райымбеков пен Дариға Өтеғалиева үшінші ұлының дүниеге келуін күтті. 7 қаңтарда әйелде толғағы басталды.

– Менің толғағым тез басталды. Жолда үлкен кептеліс болды. Жолдасым дабылды басып басқа автокөлік жүргізушілерінен жол сұрағанына қарамастан, ешкім жол бермеді. Қараңғы батып кетті. Мен қатты ауырдым. Бір кезде менің күйеуім жолда тұрған полицияны көріп, олардың жанына келіп, көмек сұрады: «әйелім қатты толғатып жатыр, көмектесіңіздерші, біз ауруханаға баруымыз керек». Полиция қызметкерлері жедел жауап берді. Олар шықты – біз соңынан ердік. Олар сиренаны қосты. Біз ешқандай бағдаршамға тұрған жоқпыз. Бұл кезде толғақ күшейе түсті. Құдайға шүкір, біз тез арада перзентханаға жеттік. Алғысым шексіз, – деп еске алды жас ана.

Бірнеше минуттан кейін әйел сау ұлды дүниеге әкелді. Олар оны Даниял деп атады.

– Біз әл-Фараби даңғылының бойымен шығыс бағытта жұмыс жасадық. Ремизовка бұрышынан бізге бір адам келіп, әйелінің толғағы басталғанын айтып, ауруханаға жеткізіп салуды өтінді. Біз шешімді бірден қабылдадық: біз ұзақ уақыт ойланбадық, өйткені біз өзіміз де әкеміз. Біз әл-Фарабидің, Сейфуллиннің бойымен жүрдік – тіпті жол ережесін сәл бұзуға тура келді. Бірақ ең бастысы, біз оларды уақытында ауруханаға жеткіздік, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ мамандандырылған батальонның инспекторы Рүстем Исмаилов.

Анасы мен сәбиі перзентханадан шыққаннан кейін, полиция қызметкерлері оларға барып, денсаулықтарын сұрауға шешім қабылдады. Дариға мен Даниял өздерін жақсы сезінеді. Әйелге үйдің шаруасына күйеуі мен үлкен ұлдары көмектеседі.

Осы арада Ғалымжан Алматы полиция Департаментінің басшылығына алғыс хат жолдаған, онда патрульдік полиция қызметкерлеріне жауаптылығы, адамгершілігі мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірген.

– Мен сіздің қызметкерлеріңізге – полиция капитаны Жандос Бердібековке және полиция аға лейтенанты Рүстем Исмаиловқа бізге көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Егер олар болмаса, біз перзентханаға жете алмас едік, – деді Райымбековтер жанұясының отағасы өз хатында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру