Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Соңғы қоңыраудан" кейінгі қауіпсіздік: Жетісу облысында рейдтік іс-шаралар өтті

"Соңғы қоңырау" мерекесіне байланысты ұйымдастырылған іс-шаралардан кейін Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауқымды рейдтік жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының өкілдерімен, педагогтермен және мектеп менторларымен бірлесіп, ойын-сауық орындарын, саябақтарды, аулаларды және жастар жиі жиналатын аумақтарды тексерді.

Рейд барысында жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына заң талаптары, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол берілмейтіні жөнінде ескертілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ. Сонымен бірге 90 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

— Балалардың қауіпсіздігі — полицияның ғана емес, ата-аналардың, педагогтердің және тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі, — деп атап өтті полиция өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру