Сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін қамауға алды
Ақтөбе облысында сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін тұрғынды қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған А.-ның сотпен жүктелген міндеттерді орындамауына қатысты ісі Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды.
Қайта қылмыс жасамауға ықпал ету мақсатында, онлайн түрде өткен сот отырысына Пробация қызметі есебінде тұрған басқа да сотталғандар қатыстырылды.
– Сотталған азамат А. сот белгілеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өзін теріс жағынан көрсетіп келді. Сонымен қатар ол, белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге келмей және тексеру кезінде тұрғылықты мекен-жайында болған жоқ. Одан бөлек, Пробация қызметін хабардар етпей, белгіленген әкімшілік аумақтық шегінен шыққан, – дейді Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Айғаным Алмағамбетова.
Сотталған азаматтың жоғарыда аталған заң бұзушылықтарына сәйкес, Алматы аудандық пробация қызметімен оған қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған.
Сот шешімімен, сотталған А.-ның өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.