Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азамат отбасымен тарихи-өлкетану мұражайына барды

Қызылордада сотталған азамат отбасымен тарихи-өлкетану мұражайына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби “Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі” деген екен.

Өмірде шалыс басып, темір торға түскен азаматтарды тәрбиелеу – түзеу мекемесінің міндетіҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Сотталған азаматтардың отбасымен байланысын үзбеу мақсатында түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Осындай шаралардың нәтижесінде түзелу жолына түскен азаматтар да аз емес. Соның бірі ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген С. есімді ер адам, мекеменің ішкі күн тәртіп ережелерін бұзбай, қоғамдық, мәдени іс- шараларға қатысып, мекеме бастығының атынан үш рет марапатталған. Оң мінезді болып танылған азамат,  ҚР ҚАК-нің 143-бабына сәйкес мекеме аумағынан шығып, пәтер жалдап тұрып жатыр.

 Отбасы күніне орай, мекеме әкімшілігі бұл азаматтың отбасымен бірге қаланың көрікті жерлерін аралатып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне  экскурсия ұйымдастырды.

Мұражай қызметкерлері сотталған азаматтың отбасын  жылы шыраймен қарсы алып, осындағы өлкенің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 14 залды аралап, мол мағұлмат берді. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкенің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан тамаша әсер алған сотталған мекеме әкімшілігіне алғысын айтты.

Бұл шараны өткізудегі мақсат – сотталғандарды қоғамға оң көзқарасын қалыптастырып,  отбасымен, туған-туыстарымен байланысын үзбеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру