Сотталған азаматтарға теологиялық оңалту дәрісі өткізілді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде теологиялық оңалту дәрісі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Таубекұлы мен мекеменің теологиялық жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторлары бірлесіп, сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмыстары шеңберінде онлайн дәріс өткізді.
Онлайн дәрістің мақсаты – адам бойындағы имандылық, мейірбандық, шыншылдық сияқты адамгершілік қасиеттерді сотталған азаматтардың бойына сіңіру болып табылады.