Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда гарнизондық жиын өткізілді

Маңғыстау облысында Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев кезекті гарнизондық жиынды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Ж.Бақтыбаев қарамағындағы қызметкерлерге жедел жағдайды жеткізіп, полицейлердің алдында тұрған міндеттерді нақтылады.

17 қарашадан бастап елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне көшірілгені белгілі.

– Эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезде ішкі істер органдары жеке құрамының қатысуымен санитарлық және блок-бекеттерді қою ұйымдастырылады”, – деп атап өтті Департамент бастығы.

Бұдан басқа Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес 23-30 қараша аралығында республика аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, онда ІІО-да есепте тұрған адамдарды, бұрын сотталғандарды, маскүнемдерді, нашақорларды, психикалық аурулары бар адамдарды және педофилдерді, яғни қоғамдық қауіпті контингентті тексеруге, сондай-ақ басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралдарын, оның ішінде мас күйінде басқару фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аудару қажет.

2020 жылы облыс аумағында көлік құралдарын басқару құқығынан 885 адам айырылған, оның 114-і жүргізуші куәлігін тапсырмаған. Жанарбек Бақтыбаев аталған құжаттарды алып қою бойынша жұмысты ұйымдастыруды, сондай-ақ жүргізушілерді тексеру бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ ведомство басшысы есірткіні, атыс қаруын, оқ-дәрілер және т.б. тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде нұсқау берді.

Гарнизондық жиыннан кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қоғамдық тәртіпті  қорғау бойынша өз міндеттерін атқаруға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру