Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеп жатқан жігіт вирусқа арнап өлең жазды

Абақтыда жазасын өтеп жатқан А. Манарбеков жұртшылықты коронавируспен күресуге шақыру үшін өлең жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлемді жайлаған індет Қазақстанда да қанат жайып барады. Бұл жағдай ШҚО бойынша ОВ-156/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А.Манарбековті де бей-жай қалдырмапты. Бір ту астында күн кешіп жатқан отандастарын қолдап әрі коронавируспен күресуге шақыру үшін «Дертке қарсы үндеу» деп аталатын өлеңін жариялады.

Дертке қарсы үндеу
Әлемді дүрліктірген бұл бір індет,
Ауырғандар өсе берді күннен күнге
Қалың қытай арасынан жарқ ете қап,
«Назар сал!» – деп үндегендей оңбаған дерт.
Қазағым, қалың елім қарашығым!
Рухты елім, ешкім жетпес дара шыңың!
Келгенменен бұл ауру біздің жайға,
Сабыр сақта, қорықпа елім жұртым.
Біз жеңеміз бұл дертті, Алла бізбен!
Тек сабырлық сұрарым сіз бен бізден.
Текті елдің ұрпағы, сізге сынақ,
Бабаларым аштықтың өзін жеңген.
Еңсеңді еш түсірме қандас бауыр,
Қамданайық дертке қарсы қару қамын.
Жақсы нәрсе ойласақ болары хақ,
Жұмылып жұдырықтай барша қауым.
Коронавирус жолама,
Жасқа, кәрі, балаға,
Бір Аллам өзің сақтай көр,
Баршаны алып панаңа.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру