Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Параққа сурет боп түскен сезім…

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ 156/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жазасын өтеуші Қайрат өзінің ойы мен эмоционалдық сезімдерін ақ қағазға салып бейнеледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қайрат 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеп жатыр. Бостандықта оны отбасы, әйелі және кішкентай ұлы күтіп жүр.

“Мен ұлымды кішкентай кезінде ғана көрдім. Келесі кездесу наурыз айында болу керек еді, бұл кездесуді тағатсыздана күтіп жүргенімде кездесуіміз коронавирустық індетке байланысты болмай қалды. Осыдан болар қатты көңілім түсіп, өзімнің ішкі сезіміме жүгініп, қағазға кездесуімізді қалай болатынын түсіндім. Суретте мен отбасыммен кездесуге кедергі жасаған үлкен қорқынышты вирусын салдым”, – дейді сотталушы.

Қайрат карантин тезірек аяқталып, бәрі бұрынғыдай болатынын, бірақ ең бастысы – ол отбасымен кездесіп, ұлын құшақтайтынын уақытты асуға күтіп жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру