Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкеріне шабуыл жасалды

Алматы қалалық заңгерлер алқасының заңгері полиция қызметкеріне мас күйінде шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ “Nissan Qashqai” маркалы көлікті патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінің бойында байқады. Көлік құралы тоқтатылды. Алайда оның ішінде отырған екі ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық білдірді.

“29 жастағы жүргізуші ұятсыз сөздер айтты, мас күйінде болған, 1986 жылы туылған оның жолаушысы патрульге қарсы күш қолданды: ол полицейді басымен ұрды. Күдікті дереу залалсыздандырылды. Оған қатысты, қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы – билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жүргізуші – Ж.есімді тұрғынға қатысты ҚР ӘҚбК-і 590-баптың 2-бөлімі, 612 баптың 1 бөлімі, 613 баптың 4-бөлімі, 476-баптың 6-бөлімі бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар сотқа жіберілді. Көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды”, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Шабуылдаушы – онжылдық тәжірибесі бар Алматылық заңгерлер алқасының белсенді мүшесі екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру