Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер қарияға қараса алады

Карантин режимінде шектеу қойылған және тыйым салынған шараларды халыққа жеткізу және түсіндіру мақсатында Қарағанды облысының Полиция департаменті әлеуметтік және алдын алу бейне үзіктерін түсіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Полицейлер барлық құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуды мақсат етпейтіндерін азаматтардың түсінуі қажет”, – деп Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков атап көрсетті.

Во время съемки ролика по запретительным мерам о нахождении несовершеннолетних на улице без сопровождения взрослых была…

Опубликовано ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК Четверг, 9 апреля 2020 г.

Тұрғындар денсаулықтарына төнген қауіпті жауапкершілікпен түсінулері қажет. Халық тек талаптарды қатаң сақтаулары және заңдылықтың бұзылуына жол бермеулері тиіс. Бұл шаралар ең алдымен, облыстың аумағындағы коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауға бағытталған. Кәмелетке толмағандардың ересек адамдардың еріп жүруінсіз далада жүруіне тыйым салу туралы үзікті түсіру кезінде қолында сөмкелері бар қартаң әйелді байқады. Түсіру тобы ол кісінің неше жаста және қайда кетіп бара жатқанын, карантин режимі ережелерінің сақталуы туралы не білетінін сұраған. Сонда әйел өзінің 74 жаста екенін айтып, жанында көмектесетін ешкім болмаған соң, дүкеннен азық-түлік алып, үйіне қайтып бара жатқанын айтқан. Полицейлер қарт анаға оның жасында далаға шығуға болмайтынын, сондай-ақ осындай жағдайларда еріктілердің көмегіне жүгіне алатынын айтып түсіндірді. Апайды үйіне дейін шығарып салып, еріктілердің байланыс нөмірлерін берді.


Полицейлер азаматтарды өзін-өзі сақтау режиміне және далаға шықпауға, егде тартқан адамдарға қажетті жағдайда еріктілердің көмегіне жүгінуге шақырады.


Бүгінгі күні төтенше жағдай және карантин режимін бұзған 278 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру