Сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізілуде
Семинарға Қызылорда облысы прокаратурасы үкімдерінің орындалуын бақылау басқармасының бастығы Азамат Баянбайұлы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі, кәсіпкерлер палатасының өкілдері және департаментке қарасты ЗК-169/4,5 мекемелері басшылығы, мекеменің жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасарлары, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері, пробация қызметі қатысты.
Бірлескен семинар кеңесті Департамент бастығының міндетін атқарушы Ж.Әбдіқайыров ашып, күн тәртібіне ұсынылған мәселелермен таныстырып шықты.Департамент басшысының айтуы бойынша қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде өндірістік аймағында әр түрлі өндіріс цехтары ашылған және алдағы уақытта да цехтар ашылу көзделуде дей келіп, кез келген кәсіпкерге осы мекеме ғимаратында ісін ашудың тиімді жағын баяндап, жеке кәсіпкерлерді ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінде өз кәсіптерін ашуға шақырды. Жиында Қызылорда облысы прокуратурасы үкімдерінің орындалуын бақылау басқармасының бастығы Азамат Баянбайұлы кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен шағын орта бизнес субьектілеріне сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту мақсатында ЗК-169/4,5 мекеме аумағында техникалық жөндеу орталығы, ал, ЗК-169/1 мекемесі аумағында наубайхана, ау тоқу, жылы жай ашу жөнінде ұсыныс білдірді.
Семинар барысындағы ұсыныстарды тыңдай келе, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов осы мекеме аумағында жеке кәсіптерін ашу үшін төменгі пайызбен қайтарымсыз кредиттер алу жөніндегі сұраныстарын қолға алатындығын айтып өтті.