Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша рейд жүргізіледі

2020 жылдың 25 ақпаны мен 06 наурызы аралығында Қарағанды қаласының Полиция басқармасы Оңтүстік-шығыс полиция бөлімшесі аумағында салынған әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін қадағалау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері рейдтік шаралар жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты полиция басқармасы әкімшілік хаттама жасалған уақыттан 7 тәулік ішінде  айыппұлдың жартысын төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. Көрсетілген мерзім аяқталған соң айыппұл толық төленеді. Төлем жасалғаны туралы түбіртекті міндетті түрде Гапеев 7 мекенжайында орналасқан Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне тапсыру қажет.

Заңнамаға сәйкес ерікті түрде төлеуге 40 күндік уақыт беріледі. Ал айыппұл көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда, әкімшілік материал жеке сот орындаушыларға жіберіледі. Бұл жағдайда айыппұлды өндіріп алу жұмысы үшін құқық бұзушы негізгі сомаға айыппұлдың 10-25%-ын қосып төлейді.

Айыппұл ерікті төлеу мерзімінде өтелмеген жағдайда мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру