Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақтық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Созақтық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Созақ аудандық полиция бөлімінде бастауыш ардагерлер ұйымы мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Кездесу кезінде бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері жас полицейлерге кәсіби шеберлікпен бөлісу мақсатында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, ішкі істер органдарында адал қызмет етуді жеткізді.

Сонымен қатар, полиция бөлімінің бастығы Жасұлан Нысанбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Беркінбай Дуанаев сөз алып, марапаттау рәсімін өткізді. Құқықтық тәртіпті нығайтуда қосқан үлестері үшін ІІО-да қызмет еткен ардагерлерге “Қазақстан Полициясына 30 жыл” мерейтойлық төс белгісін табыстады.

Марапатқа ие болғандар қатарында Дәулеталды Еденбаев, Талас Қожабаев, Жарқынбек Шорманов, Нақып Сейсенбаев, Қайрат Бектаев, Сейтжаппар Игіліков, Болат Мұхымбеков, Нұрлыбек Дәуренбеков, Талғат Жақанов, Тимур Жақаев, Ғани Әлішеров, Қуанышбек Үмбетов, Абай Тұрмаханов, Дәуірбек Елібаев, Ерайдар Абдраев, Саттар Түбекбаев, Бақытжан Мадияров, Айдар Мұсаев, Нұрлан Омарбеков пен Ақылжан Абишевтер бар. Жиын соңында марапат алған полицейлер естелікке суретке түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру