Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Спорт шебері ҚАЖ қызметкерлерінің жауынгерлік шеберліктерін жоғары бағалады

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ167/11 мекемесінің жеке құрамы қызметкерлерінің арасында қоян-қолтық (рукопашный бой) ұрыстан 9 қыркүйек ашық біріншілік өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және физикалық дайындықтарын сынға салу болып табылады. Қызметкерлерді спорт алаңына жинап, сайыс салтанатты түрде ашылып, мемлекеттік әнұранымыз орындалды. Жарыста қоян-қолтық ұрысынан спорт шебері Берік Сарыбаев төрелік етті.

Жылдамдықты ептілікпен біріктіруді қажет ететін бұл сайыс қоян-қолтық ұрыс – нағыз ерлердің спорты. Қызметкерлер арасында сайыс өте тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын иегері әділ сержанты Жасұлан Мірәлі  болса, 2 орын иегері әділет сержанты Нұржан Сейітбек , 3 орын иегері әділет сержанты Азамат Мәди жеңімпаздар тұғырынан көрініп, медаль және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру