Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Студентті бопсалаған ақтөбелік жасөспірім ұсталды

Ақтөбеде кәмелетке толмаған бала студентті бопсалағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрақты жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыс фактілері тіркелуде. Сонымен, жақында кәмелетке толмаған бала студентті бопсалағаны үшін ұсталды.

4 қыркүйек күні сағат 17-30-да Қобланды батыр атындағы стадионның жанындағы белгісіз біреу колледждердің бірінің кәмелетке толмаған студентін бопсалап, дене жарақатын келтіріп, жеті мың теңге көлемінде ақша жымқырған. Жәбірленуші ақшаны бопсалаушыға екінші деңгейдегі банктердің бірінің онлайн қосымшасы арқылы аударды.

7 қыркүйекте жәбірленушінің әкесі полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 16 жастағы күдікті анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жасөспірім ата-аналарға берілді.

Полиция департаменті ата-аналарды өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады, балаларға құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертіп отыруы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру