Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ауданында полиция қызметкерлері су тасқынымен күресіп жатыр

СҚО Уәлиханов ауданында полиция қызметкерлері су тасқынымен күресіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы су басқан аудандардың бірі. Көкшетау – Омбы автожолын және облыстың тағы бірнеше жолдарын, Мортық ауылындағы бес үйді су басты. Шұғыл қызметтер жедел әрекет етіп, суды сорғымен ағызып шығарды. Полиция қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, арықтарды тазартуға көмектесіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін мүліктің бұзылуына жол берілмеді.

Су басқан ең үлкен аумақ Көктерек — Тоспа — Жасқайрат — Қайрат автожолында тіркелді, ұзындығы 32 метрді, тереңдігі 80 сантиметрді құрады. Облыстық маңызы бар Кішкенекөл — Золотая нива жолының кейбір учаскелері бұзылды. Тәртіп сақшылары осындай учаскелерде қозғалысты шектеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр.

Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Әлижановтың айтуынша, аудандағы жағдай тұрақты, құбырлар арқылы су қалыпты жағдайда ағып жатыр. Полиция бөлімінің жеке құрамы ТЖ қызметкерлерімен, әкімдікпен және басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру