Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да спорттық және зияткерлік жарыстар өтті

СҚО бойынша ҚАЖД-да спорттық және зияткерлік жарыстар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД-ның “№48 мекеме” РММ-де Алғыс айту күні мерекесі аясында сотталғандармен “Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет” және “Көктемнің бірінші күні” тақырыптарында дәріс өткізілді, сондай-ақ деректі фильм көрсетілді.

Сонымен қатар моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және қолдау, сотталғандардың салауатты өмір салтын ынталандыру және дамыту мақсатында жасақтар арасында дойбы, шахмат, үстел теннисі және тюбингтерде эстафета сияқты спорттық және зияткерлік жарыстар өтті.

Іс-шара суреттер байқауымен аяқталды. Қатысушылар осы мерекеге деген көзқарастарын бейнелеп қана қоймай, қазылар алқасының мүшелеріне суреттерге салынған мағынаны түсіндірді. Байқау көрермендеріне жақын адамдарына алғыстарын білдіруге мүмкіндік туды. Осылайша сотталғандардың бірі жолдастары мен ата-анасына үнемі қолдау көрсеткені, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру