Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 80-ге жуық полицей марапатталды

СҚО-да 80-ге жуық полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күндерін мерекелеуді дәстүрлі түрде соғыстан кейінгі жылдары облыс ішкі істер органдарында қызмет атқарған ҰОС ардагерлеріне арналған обелискіге гүл шоқтарын қоюдан бастады. Салтанатты іс-шараға полиция ведомствосының басшылығы және жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен шақырылған қонақтар қатысты.

Биылғы жылы солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары мамыр мерекелерін алғашқы рет ҰОС және ІІО ардагерлерінсіз қарсы алды. СҚО ПД баспасөз қызметі әзірлеген бейнероликтер ардагерлерді еске алуға арналды. Өз ерлік істерімен полиция қызметкерлерінің жас буынына мәңгі үлгі болып қалатын ардагерлерімізді енді тек фото-суреттерден және бейнефильмдерден көре аламыз.

– Солтүстікқазақстандық Жеңіс солдаттарының ерліктері үлгісінде полиция қызметкерлерінің бірнеше буыны тәрбиеленді. Облыс ІІО жеке құрамы аға буынның даңқты істерін мәңгі естерінде сақтайды және өз қызметтік парыздарын адал атқарумен жалғастырады, – дейді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

ҚР ІІМ және СҚО ПД мерекелік бұйрықтарымен 80 жуық полиция қызметкері марапатталды. Оның бесеуі кезекті офицер атақтарын алды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовқа полиция “полковнигі” атағы кезектен тыс берілді. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтауда халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және тағы басқа қызметтерді қамтитын жетекші бөлініс. Сондай-ақ, аудандық полиция қызметкерлерінің де еңбектері жоғары бағаланды. Ғ.Мүсірепов атындағы ПБ бастығының орынбасары Нұрлан Ысқақовқа полиция “подполковнигі” атағы және Есіл ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бейбіт Жұмағазинға “полковник” атағы кезектен тыс берілді.

Сонымен қатар, алты қызметкерге медальдар мен төс белгілер табысталды. Мерекелік іс-шарада қызметкерлер мен ардагерлер, сондай-ақ қоғам өкілдері грамотамалармен, алғыс хаттармен марапатталды.


Салтанатты іс-шара СҚО ПД Мәдени орталығының вокалдық тобы әзірлеген ерекше концертпен аяқталды. Әншілер бірнеше буын өкілдері сүйіп тыңдайтын соғыс туралы қазақстандық батырларының ерліктері жайындағы әндерді орындады. Мерекелік концерттен соң полицейлер қызмет орындарына тарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру