Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да арнайы мекеме полицейлері үшін шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

“Динамо” стадионында Солтүстік Қазақстан облысы полиция бөлімшелерінің арнайы мекемелерінің жеке құрамы арасында шағын футболдан турнир өтті. Погон таққан спортшылар төзімділік пен командада нәтижеге жету қабілетінде жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы мекемелер бөлімшелерінің құрамында уақытша ұстау изоляторлары, қаңғыбастарға арналған қабылдағыш-таратқыш, айдауыл қызметінің взводы бар. Бұл қызметтер көпшілікке жария етілмейді, бірақ олардың жеке құрамы күн сайын арнайы білімді, дайындықты және дағдыларды қажет ететін күрделі және жауапты тапсырмаларды орындай отырып, қызмет атқарады. Корпоративтік рухты нығайту үшін полиция департаменті басшылығының бастамасымен осы қызметтердің полицейлері үшін алғаш рет “Динамо” облыстық дене шынықтыру-спорт қоғамының мамандарының қолдауымен шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.


Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Тайынша ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының командасы, екінші орынды – Петропавл қаласының полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторының командасы иеленді. Турнирдің жеңімпаздары – Айыртау ауданы полиция бөлімінің УҰИ полиция командалары болды. Үздік қақпашы болып қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату бөлімінің бастығы Болат Баймақанов танылды. Тайынша ауданы полиция бөлімінің УҰИ бастығы Мұрат Бекімов үздік шабуылшы атанды.

Турнир финалистері бағалы сыйлықтармен, медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.


СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ринат Алшынбаевтың айтуынша, шағын футбол турнирі өткен мамыр мерекелеріне арналған. Бұл танымал және қол жетімді спорт полиция қызметкерлеріне дене бітімін сақтауға ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты айтарлықтай нығайтуға көмектеседі. Мұндай спорттық мерекелерді одан әрі жалғастыру жоспарда бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру