Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да аудандық полицейлер аса ірі көлемде астық ұрлығын “ізін суытпай” ашты

СҚО-да аудандық полицейлер аса ірі көлемде астық ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Астық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемде бидай ұрлығын “ізін суытпай” ашты. Ұрлық жасауда күдікті селолық ЖШС екі жұмысшысы ұсталды. 

10 қыркүйекте таңғы сағат 6 шамасында “Қайранкөл – Украинское” автожолында Украинское селосының маңында учаскелік полиция инспекторы құжатсыз 10.800 кг. астық тасымалдау фактісін анықтады. КАМАЗ-дың жүргізушісі аудан орталығы Пресновка маңындағы алқаптан сатып алғанын түсіндірді. Жамбыл ауданының ПБ бастығы Асан Мейрамовтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ауданның ЖШС бірінің екі жұмысшысы әшкереленіп, ұсталды.

Комбайншылар 11 тоннаға жуық бидайды аудандағы ауылдардың тұрғынының біріне 200 мың теңгеге сатқаны, кейін ол жүкті өз ауылына апарғаны, учаскелік инспектордың тексеруіне тап болғаны белгілі болды.

Осындай партияда бидай ұрлаудан келтірілген шығын бір миллион теңгені құрады.

Ұрлық фактісі ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған астық алынып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.

Маусым басталғаннан бері бұл өңірде 23 тамыздан бастау алған “Астық” операциясы барысында полицейлер анықтаған астық ұрлығының аса ірі көлемі болып табылады. Қыркүйек айының басында осыған ұқсас жағдай Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тіркелген. Сондай-ақ, Тайынша ауданында полицейлер 40 тонна жасымықтың ұрлығын ашты. Сонымен қатар, полицейлер астық ұрлығын анықтау және алдын алумен шектелмейді. Мобильді топ құрамында учаскелік инспекторлар, криминалистер мен патрульдік полиция жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылық жұмыстарына жұмылдырылған техниканың қосалқы бөлшектерін ұрлауды анықтай отырып, облыстың барлық 13 ауданында жұмыс істейді. “Астық” жедел-профилактикалық іс-шарасы астық науқаны аяқталғанға дейін өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру