СҚО-да ауылдық учаскелік инспекторы өз мамандығын не үшін ұнататынын айтты
СҚО-да ауылдық учаскелік инспекторы өз мамандығын не үшін ұнататынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция аға лейтенанты Ұлан Арыстанов өзінің «кіші отаны» – Шал ақын ауданында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Оның адамдарға көмектессем, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етсем, қылмыскерлермен күрессем деген бала арманы осы мамандыққа жетеледі. Колледжден және әскерден кейін Ұлан Көкшетау қаласының Абай Мырзахметов университетінде сырттай жоғарғы білім алды. 2013 жылы Петропавл қалалық ішкі істер органдарына жұмысқа оранласты. 2018 жылдан өз ауданында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.
– Күн сайын адамдарға түрлі көмек көрсетеміз. Отбасылық жанжалдарды болдырмаймыз, ұрлықтарды ашамыз, ауылдықтарға ұрланған мүліктерін қайтарамыз. Есептегі тұлғалармен профилактикалық әңгімелер жүргіземіз. Жалғыз басты қарттарды да ұмытпаймыз. Өткенде жалғыз тұрып жатқан зейнеткер үйінде құлап, өздігінен тұра алмаған. Есігін бұзып, «жедел жәрдем» шақырттық. Бірде қашып құтылмақ болған мас жүргізушінің соңынан қудық, қылмыскер ұсталып, жауапкершілкке тартылды. Учаскелік полиция қызметкерінің жұмысында кездесетін мұндай оқиғалар жетерлік, – дейді Ұлан.
Туыстары бұл жұмыста демалыс болмайтынына да көнген. Ұлан анда-санда бір берілетін демалыс күнін жұбайы және балаларымен өткізеді. Мұндай бақытты күндерде басқа қалаға сапарға шығып, еліміздің әсем жерлерін тамашалайды.
– Иә, біздің жұмыс оңай емес, Кесте бойынша сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін бекетте боламыз, сағат тілі қай уақытты көрсетсе де маңызды емес. Дей тұрғанмен, жұмысым өзіме ұнайды. Ол қызықты әрі маңызды, өйткені учаскелік инспектордың әр күн бір-бірінен өзгеше, – деп мойындайды Ұлан.
Ұланның жұмысы бірнеше рет халық атынан алғыс хатпен және басшылықтың атынан құрмет грамотасымен еленді. Ол туған жерім және адамдармен қарым-қатынас жасау қызметте зор көмегін тигізеді деп санайды. Ұлан Арыстанов қызмет көрсететін аумақта 1311 адам тұрады.
– Ауылдық жердің учаскелік инспекторы болу үшін «адамдармен біте қайнасып», оларды құрметтеу керек, сонда ғана қолдау мен сенімге ие боласың. Жергілікті халықтың қолдауы арқасында ғана учаскелік инспектордың жұмысы нәтижелі болмақ, – дейді ол.