Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай волейболдан жарыс өтті

Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай волейболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдық тәртіп сақшылары Қазақстандық полицияның 30 жылдық мерейтойына арналған волейболдан жарыс ұйымдастырды. Іс-шара “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының базасында өтті. Спорт алаңында Петропавл қаласы полиция басқармасының бөліністерінен 7 команда өзара бақ сынасты. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Екінші орынды әкімшілік полиция бөлінісі иеленді. Үшінші орынға Жедел басқару орталығы мен қалалық ПБ өзге бөліністерінің командасы табан тіреді. Полиция аға лейтенанты Сажида Қаражігітова жарыстың үзік ойыншысы деп танылды. “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясы бойынша полиция капитаны Әсел Жұмабаева марапатталды.

– Дене шынықтыру даярлығы – полицей жұмысының маңызды аспектісі. Волейбол тек күш пен ептілікті талап етіп қоймай, командамен жұмыс істеуге үйретеді. Командалық ұйымшылдық ұжымдағы саламатты қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді және Петропавл қалалық ПБ басшылығымен барынша марапатталып тұрады, – дейді қалалық полиция ведомствосының бастығы Жандос Мұқатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру