Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есепке алынған адамдардың 80%-ы жұмысқа орналастырылған

Полицияның мәліметінше, СҚО-да есепке алынған адамдардың 80%-ы жұмысқа орналастырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 күн ішінде СҚО полицейлері ішкі істер органдарында түрлі есепте тұрған 4 мыңға жуық адамды тексерді. Жұмыс “Есепте тұрған” жеделалдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді. Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды, сондай-ақ бұрын сотталғандарды тексеру арқылы қайталанатын қылмыстың алдын алуға баса назар аударылды.

Мысалы, ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға 774 тексеру жүргізілді. Бұл – ауыр қылмыстар үшін жазасын өтегендер. Олардың ішінде қойылған шектеулердің 43 бұзушылығы анықталды, сот шешімдерімен 15 адам әкімшілік қадағалау санатына ауыстырылды. Сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тарапынан 23 бұзушылық анықталды, олардың екеуі – жүйелі бұзушылықтар үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

– Тәжірибе көрсеткендей, жұмыспен қамтудың болмауы – негізгі криминогендік факторлардың қатарында. ЖПҚ қызметкерлері есепке алынатын адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын қабылдауда. Тек ЖПІШ шеңберінде облыс орталығы мен аудандар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ІІО есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша 25 хабарлама жіберілді. Әр хабарламада учаскелік инспекторлар ұсынған ондаған есім бар. Айта кетерлік жайт, СҚО-дағы есептік контингенттің 80%-ға жуығы жұмыс істейді. Бұл – қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың маңызды аспектісі, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру