Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні қолға түсірді

Қарағанды облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Абай аудандық полиция бөліміне басқарманың патрульдік полиция взводының инспекторынан хабарлама түсті. Белгілі болғандай полиция жасағы күдік тудырған 35 жастағы Абай қаласының тұрғынын ұстаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша күдікті есірткі сақтаған. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан 35 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіледі. Күдікті есірткіні жасырып, сатумен айналысатынын айтып, бұған дейін 16 орамды Абай қаласындағы белгіленген жерлерге жасырғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 19 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 30,808 грамм психотропты зат екендігі белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сот шешімімен ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру