Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада белгілі спортшылар қиын жағдайда қалған балалармен кездесу өткізді

Елордада белгілі спортшылар қиын жағдайда қалған балалармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жазғы демалыс кезеңінде балалардың қараусыз қалуы мен панасыз қалуының алдын алу, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Осылайша, джиу-джитсудан AJP турнирі өткен “Beeline arena” спорт кешенінің базасында ҚР ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі және Қазақстан әйелдер күштері Альянсы төрағасының орынбасары Баян Тойкебаеваның, Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының бас хатшысы Ерназар Бексұлтановтың қолдауымен Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесе отырып, ювеналдық полиция бөлімшелерінде есепте тұратын жасөспірімдердің джиу-джитсудан әлем чемпионы және Азия ойындарының жүлдегері Галина Дувановамен, ARMJJ академиясының жетекшісі және Астана қаласының аға жаттықтырушысы Арманжан Рузахуновпен, Джиу-джитсу қауымдастығының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Илья Мирзомен кездесу ұйымдастырылды.

Чемпиондар өздерінің қалыптасу тарихымен бөлісіп, олардың спорттық және қоғамдық жетістіктерінің негізінде адал және қажырлы еңбек жатқанын айтты.

Отызға жуық жасөспірім үздік жаттықтырушылардың шеберлік сабақтарының куәсі болды. Кәмелетке толмағандарға алғашқы жаттығуларға жазылуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара қолтаңба таратумен және спортшылармен фотосессия жасаумен аяқталды.


Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарға балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын бақылауды ұсынады. Кәмелетке толмағандардың үйден тыс жүруі мен мінез-құлқын бақылау қажет. Мұндай шаралар сіздің балаларыңыздың қауіпсіз тәрбиесін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру