Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда “Кибер-шериф” кешенінің көмегімен 140 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

Павлодарда “Кибер-шериф” кешенінің көмегімен 140 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының жолдарындағы төрт “Кибер-шериф” кешеніне жыл басынан бері 10235 жылдамдық режимін бұзудың жолын кесіп, жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

– Көлік құралдары бойынша екі мыңнан астам сәйкестік тіркелді. Оның ішінде 34 көлік айыппұл тұрағына қамалды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Айта кету керек, камералармен жабдықталған “Кибер-шериф” кешені үш жол қатарын қадағалап, 150 метрге дейінгі қашықтықтағы көліктерді анықтай алады. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың автомобиль нөмірлерін таниды, оларды базалар бойынша автоматты түрде тексереді, бұзушылықтарды тіркейді және инспекторға хабарлайды. Толық автоматтандыру бірнеше іздеу базаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Павлодар-Қызылорда тас жолында қызмет атқару кезінде “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен Volkswagen Passat автокөлігі тоқтатылды. Рөлде Павлодар облысының тұрғыны болған. Тексеру кезінде аталған көліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам айыппұл бойынша берешегі бар екені анықталды. Сонымен бірге, иесі бұл дерегін күрделі қаржылық жағдаймен дәлелдей отырып, төлем жасамаған. Айыппұл толығымен өтелгенге дейін көлік айыппұл тұрағына қамалды.

Борис Әлімбаев әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру