Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас такси жүргізушісі 7 жылға басқару құқығынан айырылды

СҚО-да мас такси жүргізушісі 7 жылға басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі – солтүстікқазақстандық полицейлердің ерекше назарында. 5 желтоқсаннан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық инспекциясымен, қоғам өкілдерімен бірлесе отыра, тәртіп сақшылары “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Оның мақсаты — жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру, жолаушылар мен жүк тасымалдауды реттеу, жолаушылар көлігінде апаттылықты төмендету, мектеп оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық көліктер назарда болады.

Полицейлер 7 желтоқсанға қараған түні Жамбыл ауданында такси белгісі бар Skoda автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру масаң күйде екендігін көрсетті. 43 жастағы ер адам 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ол 7 жылға басқару құқығынан айырылды.

– Масаң күйдегі жүргізушіні дер кезінде ұстау – бұл басқа адамдардың зардап шегуіне әкелетін жол-көлік оқиғасының алдын алу. Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздік – көлік құралының техникалық жағдайына қарау, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимдерін сақтауы және де ең бастысы жол жүрісі ережесін сақтау. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген 4 күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 423 бұзушылыққа жол берді. Маневр жасау ережесін бұзу мен рөлде келе жатып телефон қолдану сияқты бұзушылықтар басым, яғни сәйкесінше 104 және 49 жағдай анықталды. Сонымен қатар, техникалық тексерістен өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін 28, заңсыз қайта жабдықталғаны үшін 7 жүргізуші жауапқа тартылды. Бір автобус пайдаланылуға тыйым салынды. Автобус паркінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды, – дейді СҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру