Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу тұрғыны интернет-алаяқтық қылмысын ашқан тергеушіге алғыс білдірді

Жетісу тұрғыны интернет-алаяқтық қылмысын ашқан тергеушіге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазан күні Сарыөзек ауылының тұрғыны интернет желісі арқылы құндыз тонға тапсырыс берген. Алайда уақыт өткен сайын тауар келмегендіктен жәбірленуші интернет-алаяққа тап болғанын түсініп 22 қазанда Кербұлақ аудандық полиция бөліміне арызбен жүгінді. Жәбірленушіге 170 мың теңге көлемінде залал келтірген. 

Жедел іздестіру шаралары аясында полиция қызметкерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында қылмысқа күдікті 30 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта алаяқтық жолмен алынған қаражат толығымен жәбірленушіге қайтарылды. 

– Мен тергеуші Темірлан Төлегенге алғысымды білдіремін. Өз жұмысын жақсы көретін мамандардың бары мені қатты қуантады. Осындай офицерлерді көріп мен еліміздің болашағына сенемін, – деп алғысын білдірді Кербұлақ ауданының тұрғыны 

– Тергеуші өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарды, халықтың игілігі үшін еңбек етіп, өз қызметтік міндеттерін абыроймен орындап, елдің полицияға деген сенімін арттырғаны үшін осындай жас мамандарды мақтан тұтамыз, – деп толықтырды Кербұлақ АПБ бастығының орынбасары Айдар Амангельдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру