Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мыңнан астам шетелдік азамат ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзды

Жыл басынан СҚО-да мыңнан астам шетелдік азамат ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ай ішінде СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан аумағында шетелдік азаматтардың болу ережелерінің 1017 бұзушылығын анықтады.

ҚР-ның тағы 704 азаматы шақырылған шетелдіктердің болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көбінесе біздің отандастарымыз ішкі істер органдарына шетелдіктердің өздерінде болғаны туралы уақтылы хабарламайды. Мұны үш жұмыс күні ішінде жасау керек. Басқа мемлекеттердің азаматтары, әдетте, Қазақстанда болуға рұқсат етілген мерзімдерді бұзады. Алайда басқа жағдайлар да кездеседі.

Мағжан Жұмабаев ауданында Өзбекстан Республикасының 36 және 29 жастағы екі азаматы қайыршылықпен айналысқаны үшін екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

– Аталған факті 10 қазаннан бастап өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі аясында анықталды. Іс-шара шеңберінде шетелдіктердің болу және жұмысқа орналасу орындарына: құрылыс, базарлар, қосалқы шаруашылықтарға күшейтілген тексерулер жүргізілуде. Айта кетейік, іс-шара аясында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзудың 15 фактісі анықталды. Жыл басынан бері осындай 34 факті тіркелді, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Көші-қон заңнамасын сақтау – криминогендік жағдайды бірқалыпты етуге және құқықтық тәртіпті сақтауға ықпал ететін полиция жұмысының маңызды бағыты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру