Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен ауыл тұрғындары істен шыққан автобустың жолаушыларына көмектесті

СҚО-да полицейлер мен ауыл тұрғындары істен шыққан автобустың жолаушыларына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпан күні ымырт үйірілген уақытта Айыртау ауданындағы Қарасевка және Үкілі Ыбырай ауылдарының арасында Петропавл-Имантау бағытымен кетіп бара жатқан автобустың бірден екі дөңгелегі бұзылған. Өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі бұл туралы жол үстінде кездескен полицейлерге хабарлаған. Олар учаскелік полиция қызметкерлері Олжас Ильяшев пен Біржан Мукеев болды. Олар оқиға орнына келген. Студенттер, ауыл тұрғындары отырған автобус салонында 35 жолаушы болған. Тәртіп сақшылары оларды жол-жөнекей кетіп бара жатқан машиналарға отырғызып, аудан орталығы Саумалкөл ауылына жеткізуді ұйымдастырды. Бұдан кейін олар автобустың дөңгелектерін жөндеуге көмектесті. Бірақ бұл оңай шаруа болмады. Қолда бар домкрат Kaessbohrer Setra автобусын қажетінше көтере алмады.

– Дәл осы уақытта сол маңда жол үстін қардан тазартып жүрген “Петропавл жолдары” ЖШС-ның механизаторы Леонид Рванов көмеккке келді. Оның техникасының көмегімен автобус көтеріліп, жөндеу жұмыстары оңайға түсті. Сондай-ақ, автобустағы екі жолаушы да қалып көмектесуді шешті. Олар ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірінің механизаторы Виталий Кузьмин мен ішкі істер органдарының ардагері Александр Поздин. Бұрын учаскелік инспектор болып қызмет атқарған, – деді Олжас Ильяшев.

Кейін автобус жөнделіп Петропавлға оралды. Полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалап отыруды ескертеді. Қыс мезгілінде жол үстінде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін екенін және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды естен шығармау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру