Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер “Anti-fraud” ЖАШ-тың бір тәулігінде бірнеше интернет-алаяқтықты ашты

Қостанайлық полицейлер “Anti-fraud” ЖАШ-тың бір тәулігінде бірнеше интернет-алаяқтықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға интернеттегі алаяқтар әрекеттерінің құрбаны болған төрт адам жүгінді. Мысалы, Астана тұрғыны “Della.kz” жүк тасымалдау сайты арқылы Көкшетау қаласынан Ақтөбе қаласына жүк жеткізу үшін 700 мың теңге сомасында ақшалай қаражат аударды.

Шымкент тұрғыны да осы фирманың қызметіне жүгініп, Украинадан тауарды жеткізу үшін аванс ретінде шотқа 400 мың теңге аударды. Алайда ақшаны алғаннан кейін жеткізуші жүкті жеткізбей қойғанымен қатар, байланысқа шығуды тоқтатты.

Полицияға жүгінгеннен және жедел-іздестіру іс-қимылдары кешенін жүргізгеннен кейін полиция қызметкерлері Қостанайдың 38 жасар тұрғынын анықтады, ол жүк тасымалы туралы жалған хабарлама жариялаған.

Екі дерек бойынша полицейлер 190-баптың 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл құқық бұзушылықтардан басқа полиция Қостанай тұрғынынан көшеде телефон арқылы қоңырау шалуды өтінген күдіктіні анықтады. Ол қоңырау шалудың орнына банктердің бірінің қосымшасына кіріп, 47 мың теңгеге сауда жасаған. “Anti-fraud” ЖАШ барысында бұрын сотталған 25 жастағы ер адам анықталды, ол өз әрекетін мойындады.

Сондай-ақ, полицейлер жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жоғалған картаны пайдаланып, дүкендердің бірінде 12 мың теңге сомаға сауда жасаған ер адамды анықтады.

Аталған фактілер бойынша 188-баптың 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай облысының аумағында “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы 7-9 ақпан аралығында өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру