Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция мен ТЖ қызметкерлері тұрғындарды су басқан аймақтан шығарып үлгерді

СҚО-да полиция мен ТЖ қызметкерлері ауыл тұрғындарын су басқан аймақтан тез арада шығарып үлгерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында басқа елді мекендермен бірге Большая Малышка ауылын да су басты. Жергілікті тұрғындар дайын болғанымен, Есіл өзенімен осыншама көп судың келетінін күтпеген. Ауылда ондаған жыл бойы тұрып келе жатқан тұрғындардың айтуынша, бұрын арнасынан шыққан өзен тек Береговая көшесіндегі үйлерге қауіп төндірген.

Бұл жолы ауылдағы үйлердің басым бөлігін су басқан. Өзен бойымен ұмтылған су ауылдың ішіне түнгі сағат бір кезінде келген. Адамдарды құтқаруға алғашқылардың бірі болып аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіпті. 15 сәуір күнгі жағдайға сәйкес, су әлі де келіп жатыр.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов хабарлағандай, судың қарқынына қарамастан, тұрғындарды эвакуациялау ойдағыдай өткен. Ауылдықтарды тәртіп сақшылары алдын ала хабардар еткен. Барлығы мал-мүлкін жиыстырып, кетуге дайын болған. Адамдардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру