Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да табиғатты қорғау полициясының қайығы су тасқынында патрульдеуге тартылды

СҚО-да табиғатты қорғау полициясының қайығы су тасқынында патрульдеуге тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тепличное ауылында патрульдеу жүргізуде. Егер сізге көмек қажет болса, белгі беріңіз!” – мұндай үндеу су басқан Петропавл қаласы шекарасы маңындағы ауылда полиция қайығының сигналды дауыс зорайтқыш құрылғысынан естуге болады.

Қайық тек сигналды дауыс зорайтқыш құрылғысымен ғана емес, сонымен қатар жарқыраған маяктармен де жабдықталған. Ол жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының балансында тұр және облыстың су қоймаларын су ресурстарын браконьерлік өндіруден қорғауға арналған. Ауқымды су тасқыны кезеңінде ол полицияның басқа техникалық құралдарымен бірге апатқа қарсы іс-шараларға жұмылдырылған.

Тепличное ауылы төмен орналасқан, қазір судың бетінде тек үйлердің шатырлары ғана көрінеді. Тұрғындары эвакуацияланса да полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері елді мекенді бірлесіп күзетіп, патрульдеуде. Құқықтық тәртіп сақшылары адамдармен қалдырған мүлікті қорғап, қажет болған жағдайда көмекке келуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру