СҚО-да полицияның жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейді бастау алды
СҚО-да полицияның жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейді бастау алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үшкүндік рейдтік іс-шара шеңберінде жұмысын бастады. Рейдке сыртқы қызметтердің жеке құрамы, басшылығы, оның ішінде СҚО Полиция департаменті Айдын Қабдұлдинов қатысты.
Бір сағаттық рейд барысында Петропавл қаласының маңында патрульдік полицияның бір экипажы бірнеше Жол жүрісі ережесін бұзушылықты анықтады. Техникалық байқау картасының болмауы, жылдамдық режимін арттыру – бұның бәрі өрескел бұзушылық болмағанымен, алайда олар ауыр салдарымен апаттың орын алуына әкелуі мүмкін. Құқық бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, ІІМ бастамасымен облыс жолдарында 19-21 тамыз аралығында жол қозғалысын қамтамасыз етуге және апаттылықты азайтуға бағытталған рейдтік іс-шара өтуде. Іс-шараға облыс орталығындағы жолдарда, облыстың қала сыртындағы жолдарда рейд жүргізетін патрульдік полицейлер жұмылдырылды. Сондай-ақ рейдке учаскелік полиция инспекторлары да белсенді қатысуда.
– Жол қозғалысына қатысушылардың бәрін, оның ішінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, самокат, мото және велокөліктерді тізгіндегендерді барлық қағидаларды қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл, әсіресе білім беру мкемелеріндегі жаңа оқу жылы қарсаңында аса өзекті. Жол аздаған қателікті кешірмейді, – деп тоқтала кетті облыстық полиция басшысы.
Жыл басынан полицейлер СҚО-да ЖЖЕ 40 185 түрлі бұзушылықтарын, оның ішінде – 17 406 өрескел бұзушылықты анықтады. Масаң күйде көлік құралын басқарған 655 жүргізуші, сондай-ақ – 174 көлік құралын басқару құқығынан айырылған 174 жүргізуші ұсталды. Полицейлер толтырылған хаттамалардың саны негізгі мақсат емес екендігін, басты міндет – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін атап өтті.
Биылғы жылдың жеті айында СҚО аумағында 184 ЖКО тіркеліп, оның нәтижесінде 24 адам қаза тауып, 277-сі жарақат алған.