Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер қызметтік иттің көмегімен марихуана тапты

Жамбылдық полицейлер қызметтік иттің көмегімен марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен автожолдарда тексеру жұмыстарын жүргізу барысында жол қозғалысы ережесін бұзған Audi A4 автокөлігі тоқтатылды.

Көлікті Макс атты қызметтік итімен тінту кезінде марихуана табылып, тәркіленді.

Сараптама қортындысына сәйкес, кептірілген марихуана есірткі затының салмағы 77,63 гр құрайды.

Күдікті Байзақ ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол кінәсін толық мойындап, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру